Масуд Пезешкиан: Иран ядролық энергияны бейбіт мақсатта пайдаланудан бас тартпайды
(last modified Thu, 29 May 2025 11:53:23 GMT )
Maм 29, 2025 17:53 Asia/Almaty
  • Масуд Пезешкиан: Иран ядролық энергияны бейбіт мақсатта пайдаланудан бас тартпайды

ParsToday - Иран Ислам Республикасының президенті Оман телеарнасына берген сұхбатында: «Ислам республикасы ядролық энергияны бейбіт мақсатта пайдаланудан бас тартпайды»,- деді.

ParsToday ақпарат агенттігінің Иран Телерадио бірлестігіне сілтеме жасап хабарлауынша, сейсенбі және сәрсенбі күндері Оманға сапар шеккен ИИР президенті Масуд Пезешкиан Оман телеарнасына берген эксклюзивті сұхбатында: «Сендер уран байытуды тоқтатуларың керек» деген қысымға берілмейміз және бұл Ислам республикасының мақтанышы және күш-жігері»,- деп айтты.

Масуд Пезешкиан былай деп қосты: «Егер Америка Ислам революциясы жетекшісінің пәтуасына сүйене отырып, біздің сенімімізге сүйене отырып, Иранның ядролық қаруына ие болмауын қамтамасыз етуге ұмтылса, Иран ешбір жағдайда ядролық қаруға ие болуды көздеп отырған жоқ».

ИИР Президенті сондай-ақ Оманның Иран-АҚШ келіссөздеріндегі арағайындығы туралы өзінің пікірі туралы сұраққа былай деп жауап берді: «Ислам революциясының жетекшісі Оманның арағайындық рөліне үнемі тоқталады. Осы арағайындық арқылы біз өз мақсаттарымызға қарай жылжи алдық. Оман Сұлтаны мен елдің Сыртқы істер министрінің ауқымды талпыныстарына алғыс айтамыз»,- деді.