Ислам революциясы Сақшылар корпусының Израильге жасаған бүгінгі шабуылында белгісіз әрі жаңа зымыран атылды
ParsToday - Иран Қорғаныс министрлігінің ақпарат өкілі: «Қарулы күштердің сионистік режимге қарсы бүгінгі шабуылында, сионистер оны соққыға дейін байқамағанын жариялаған, жаңа зымыран қолданылды», деп хабарлады.
Қорғаныс министрлігінің ақпарат өкілі бригада генералы Әлиреза Талайник Иран Телерадио бірлестігіның хабар тарату арнасында сөйлеген сөзінде: «Сионистік режимнің басқыншылығының төрт маңызды сипаты бар, оның біріншісі – осы соғыстың таңылғандығы», -деді.
ParsToday ақпарат агенттігінің хабарлауынша, ол былай деп қосты: «Жау біздің мүмкіндіктерімізге зиянын тигізгісі келеді және бұл соғыстың таңылуы бізді қорғаныс сипатында ұстауға мәжбүр етеді. Әрине, бұл соғыста біз жауларға қарсы барлық шабуылдау мүмкіндіктерін пайдаланамыз. Бұл соғыстың таңылуына байланысты қоғамның барлық өкілдерінің рөлі ерекше».
Генерал Талаи Ник сөзін былай деп жалғастырды: «Сақшылар Корпусының бүгінгі операциясы қарулы күштердің күш-қуатының көріністерінің бірі және қарулы күштердің барлау саласындағы артықшылығын көрсетеді. Бүгін сионистік режимнің қауіпсіздік және барлау орталығы, қорғаныстың ауыр қабаттарына және Американың көмектесуіне қарамастан, басқарылатын зымыранмен атылды».
Қорғаныс министрлігінің өкілі: «Әскери салада қолымыз толы, бізде озық отандық қару-жарақ бар; әскери және қорғаныс өнеркәсібі режимнің зұлымдығына қатысты бар болжамды ескере отырып, қарулы күштердің қолын озық қондырғылармен толтырды және бүгін біздің жетілдірілген зымырандарымыздың бірі алғаш рет қолданылды және дұшпанның оған тосқауыл қоя алмады. Сионистік дұшпанның төзімділігі уақыт өте азаяды».
Ол сөзін жалғастырды: «Құдай қаласа, халқымыз бұдан былай қарулы күштердің тосын сыйларын көп көретін болады. Бұл соғыстың ауыр және жұмсақ ұрыс алаңдары бар; ауыр ұрыс алаңында қарулы күштердің жауынгерлері күшпен жауап береді, ал дұшпан бұл тұрғыда өз осалдығын өте жақсы сезінеді. Сионистік дұшпанның стратегиялық соғысты жалғастыру үшін стратегиялық мүмкіндігі жоқ, ақырында дұшпанның арқасы сынады».