Иранның «Шын уәде 3» бірлескен операциясының тоғызыншы толқынына шолу
https://itolqyn.com/news/iran-i80816
ParsToday – Иран Ислам Республикасының қарулы күштері дүйсенбі күні кешке «Шын уәде 3» біріккен операциясының тоғызыншы толқынын бастады.
(last modified 2025-07-30T00:19:04+00:00 )
Маусым 18, 2025 02:03 Asia/Almaty
  • Иранның «Шын уәде 3» бірлескен операциясының тоғызыншы толқынына шолу

ParsToday – Иран Ислам Республикасының қарулы күштері дүйсенбі күні кешке «Шын уәде 3» біріккен операциясының тоғызыншы толқынын бастады.

Иранның қарулы күштердің жоғары дәрежелі қолбасшылары, танымал ғалымдары мен жазықсыз азаматтары, әсіресе балалардың шәһид болуына әкелген  сионистік режимнің бұл елдің әртүрлі аймақтарына жасаған басқыншылық әрекеттеріне жауап ретінде Иран Ислам Республикасы жұма күні кештен бастап басып алынған жерлерге шабуылын бастады.
ParsToday «Шын уәде 3» аралас операциясының тоғызыншы толқынына тоқталады.

 

Теһран уақытымен 23:45 шамасында
Ислам революциясы Сақшылар корпусының баспасөз хатшысы бригада генералы Әли Мұхаммад Нейни Израиль режимінің нысандарына қарсы «Шын уәде 3» біріккен операциясының тоғызыншы толқыны басталғанын жариялап: «Бұл операция сейсенбіге дейін үздіксіз жалғасады. Біз режимді шектеулі аумақта шоғырландырып әртүрлі нысанаға сәтті соққы бердік» деді.
Ислам революциясы Сақшылар корпусының ақпарат хатшысы сондай-ақ: «Біздің шабуылымыз сөзсіз комбинация болып табылады және сионистік режимге қарсы әскери күштердінң барлық құрамдас бөліктері пайдаланылады және  жойқын күшпен жалғасады»,-деді. Израильдік ақпарат көздері де Израильдің 14-арнасының хабары белгісіз себептермен үзілгенін хабарлады. Израильдің 14-ші арнасының хабары үзілгенге дейін желіде оғаш дыбыстар тараған. Еврей ақпарат құралдарының хабарлауынша: «100-ден астам ұшқышсыз ұшақ Ираннан шабуылдың бір бөлігі ретінде қозғалуда. Баллистикалық зымырандар кейінірек ұшырылады, олар ұшқышсыз ұшақтармен бір уақытта межелі жерге жетеді».

Сағат 00:15 шамасында
Yedioth Ahronoth дүйсенбі күні Иранның зымырандық соққысынан келтірілген залалға байланысты Хайфа мұнай өңдеу зауытындағы барлық жұмыстардың тоқтатылғанын хабарлады. Израильдің 14 арнасы мұнай өңдеу зауытындағы жағдайды қиын деп жариялап, зауыттың барлық нысандарының Иран зымырандарынан зардап шеккенін, бұл сонымен қатар шабуылда үш адамның қаза тапқанын хабарлады.
Иранның солтүстік жаулап алынған аумақтардағы өмірлік маңызды инфрақұрылымға орасан зор зиян келтірген зымырандық операциясынан кейін Хайфа мұнай өңдеу зауыттарын басқарушы компаниясы ресми мәлімдеме жасады: «Өмірлік маңызы бар нысандарды соққы нәтижесінде бу мен электр қуатының бір бөлігін қамтамасыз ететін электр өндіру стансасы қатты зардап шекті». Мәлімдемеде: «Сонымен қатар, Хайфа мұнай өңдеу зауытының басқа бөліктері де зардап шекті. Қазіргі уақытта барлық мұнай өңдеу зауыттары мен оның еншілес кәсіпорындары толығымен жабылды» делінген.

Сағат 00:45 шамасында
Жүзден астам сионистердің қаза болуы мен жарақат алуына, сондай-ақ басып алынған аумақтардағы кең ауқымды қирауға әкелген Иранның басып алынған жерлерге жасаған соңғы шабуылдарынан кейін Израиль полициясы басып алынған Палестинада орналасқан ішкі және шетелдік ақпарат желілерін "Иранның бұл шабуылдарын тікелей эфирде таратудан бас тартуды және бұл бұйрықты орындамағандар қамауға алынатынын" ескертті.

 

Сағат түнгі 1 шамасында
Сионистік қолданушылар әлеуметтік желіде «Темір күмбездің» сәтсіздігі мен» зымыранның Тель-Авивте құлауы туралы бейне жариялады. Haaretz газеті де жүздеген адамның теңіз арқылы және үлкен ақша төлеп басып алынған аумақтарды тастап кетуге әрекеттеніп жатқанын хабарлады. Хабарларға сәйкес, бұл адамдар арасында сионистер мен Кипрге саяхатын серуендеу қайықтарымен бастаған шетелдіктер де бар. Бұл шағын қайықтар Герцлия, Хайфа және Ашкелон порттарынан шығады.

Сағат 2 шамасында
Еврей ақпарат көздері Ислам революциясының Сақшылар корпусы зымырандары Наватим әуе базасына тигенін хабарлады. Walla веб-сайты сонымен бірге оккупацияланған аймақтардың оңтүстігіндегі Беершеба қаласына Иран зымыранының тигенін хабарлады.
«Исраэль Хайом» газетінің сайты да: «Басып алынған аймақтардың оңтүстігінде зымыран соққысынан кейін өрт шықты» деп жазды. Еврей дереккөздерінің хабарлауынша, қорғаныс жүйелерінің тосқауылдық зымырандарының бірі Тель-Авивке тиген.
Израильдің радио және телевидение ұйымы Иранның зымырандық шабуылынан қорқып, баспаналарға қашып бара жатқан бірнеше сионистің жараланғанын хабарлады. Израильдік журналист Гидеон Леви Әл-Жазираға: «Иранның соңғы шабуылы өмірімде естіген ең үлкен жарылыс болды. Бүкіл Тель-Авивті дүр сілкіндірді» деді. Ол былай деп қосты: «Израиль үшін шығындар әлдеқайда жоғары болды және бұл үрдіс жалғаса береді. Бұл өмір салты өмір сүру мүмкін емес. Сионистер бұл үрдісті жалғастыра алмайды».

Сағат 4 шамасында
Сионистік ақпарат көздері былай деп хабарлады: «Жарылыс дыбысы бірнеше жерден естіледі». Сондай-ақ Reuters агенттігі жергілікті куәгерлерге сілтеме жасай отырып, Тель-Авивте және басқа да жақын аудандарда қатты жарылыстардың естілгенін хабарлады. Al-Mayadeen агенттігінің хабарлауынша, Иран ұшырған зымырандардың бір бөлігі Хайфа портына тиген.

Сағат 9 шамасында
Израильдің 12 арнасы: «Тель-Авив маңындағы Рамат Хашароннан жан түршігерлік жарылыстар естіледі» деп хабарлады. Сондай-ақ Израиль ақпарат құралдары былай деп жазды: «Иран зымырандары Герцлия мен Тель-Авивтегі сезімтал нысандарға соққы берді». Израиль ақпарат құралдары басып алынған жерлердегі шабуыл туралы ескерту жүйесінің қайтадан үзілгенін мойындады. Бастапқы мәліметтер Тель-Авивте 8 қабатты ғимараттың опырылғанын көрсетеді.
 

10:30 шамасында
Ислам революциясы Сақшылар корпусы былай деп хабарлады: "Ислам революциясы Сақшылар корпусының әуе-әуе зымырандық шабуылдарының жаңа толқыны бұрынғыдан да күшті және жойқын болды. Америка Құрама Штаттары мен Батыс державаларының жан-жақты қолдауына және ең заманауи және ең жаңа қорғаныс технологиясына ие болуына қарамастан, бұл операцияда қолданылған бастамалар мен мүмкіндіктер зымырандардың оккупацияланған аумақтардағы нысанаға сәтті және максималды соққысына әкелді. Бұл жалған режимнің өмірлік мақсаттарына қарсы тиімді, мақсатты және одан да жойқын операциялар оны толығымен жойғанға дейін жалғасады.