Ислам революциясы мәртебелі жетекшісінің Эксперттер мәжілісінің бесінші шақырылымы жұмысының басталуына орай жолдаған үндеуі
Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі: "Эксперттер мәжілісінің жауапкершілігін жүйенің исламдық және революциялыцқ болмыс-бітімін ыждағаттылықпен жан- жақты қорғау болып табылады" деді.
Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи Эксперттер мәжілісінің бесінші шақырылымының жұмысы басталуына орай үндеуінде осы мәжілістің мүшелерін халықтың сенімі мен таңдауына қол жеткізуімен құттықтап: «Осы ұлы мәртебелі мәжілістің маңыздылығы ондағы қалаулылардың мойнына артылған жауапкершіліктің ұлылығынан туындайды. Осы жауапкершілік елді билеп отырған жүйенің исламдық және революциялық болмыс- бітімін ыждағаттылықпен жан- жақты қорғау және оның аппараттарын асқақ мақсаттарға қарай жетелеу болып табылады.
Ислам республикасының бүгінгі әлемдегі алар орнымен танысу, руханият пен дін немесе халық немесе екеуі де құрбан болған биліктің түрлі тәсілдерінің арасынан діни демократияның тартымды құбылысына назар аудару, халықтық іріктеулер түрінде исламдық танымнан шыққан иман мен сенімнің теңдессіз рөліне көңіл бөлу, халықтың сеніміне кіру және жүйенің саулығы, айбындылығы әрі баяндылығындағы жетекшінің жеке бас және саяси тақуалығының әсеріне назар аудару Эксперттер мәжілісі жауапкершіліктерінің бір бөлігіне жатады» деп қуаттады.