Иран Қорғаныс министрі: Иран мен Түркия қорғаныс қатынастарын кеңейту ислам әлемі мен аймақтағы қиындықтарды шешуде тиімді
ParsToday - ИИР Қарулы күштерінің Қорғаныс және қолдау министрі Түркиядағы әріптесімен кездесуінде елдің ислам әлемі мен халықаралық аренадағы ұстанымына тоқталып: «Түркиямен қорғаныс және әскери қарым-қатынастарды кеңейту ислам әлемі мен аймақтың сын-қатерлерін шешуде тиімді болуы мүмкін»,- деді.
ParsToday агенттігінің IRNA-ға сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Иран Қарулы Күштерінің Қорғаныс және қолдау министрі, бригада генералы Азиз Насырзаде Түркияның ұлттық қорғаныс министрі генерал Яшар Гүлердің ресми шақыруына жауап ретінде Анкараға барып, Түркияның ресми өкілдерімен кездесіп, пікір алмасты.р Насырзаде Яшар Гүлермен кездесуінде екі ел арасындағы терең мәдени және діни ортақтықтарға тоқталып: «Иран мен Түркияның ортақтығы соншалықты ауқымды, бұл айырмашылықтар салыстырмалы түрде шамалы деп саналады, бірақ дұшпандар әрқашан бұл айырмашылықтарды үлкейтіп, ортақтықтарды елеусіз етіп көрсетуге тырысты.
Иранның Қорғаныс және қарулы күштерді қолдау министрі аймақтағы соңғы оқиғаларға сілтеме жасап: «Сионистік режим көптеген шабуылдармен Газа, Ливан, Йемен және Сирия, тіпті Катарды нысанаға алды. Және бұл мәселелердің барлығы аймақ елдеріне рет-ретімен шабуыл жасап, жазықсыз жандарды өлтіру арқылы өзін әлем халқының алдында ең жек көретін режимдердің басында танытқан бұл бала өлтіруші режимнің экспансионист және дағдарыс тудырушы сипатының белгісі. Ал бүгінде аймақтағы барлық елдер осы сұмдық режимнің қылмысын айыптау және онымен күресу қажеттілігі туралы ортақ пікірде»,- деді.
Түркия әсіресе ортақ шекаралардағы қауіпсіздікті жақсарту үшін бар күш-жігерін салады
Бұл кездесуде Түркияның Қорғаныс министрі де ИИР Қорғаныс министрінің Анкараға сапарының маңыздылығына тоқталып, оны екі елдің әртүрлі салалардағы байланыстарының айқын белгісі деп санады.
Аймақтан тыс кейбір үкіметтердің нұсқауымен аймақта тұрақсыздық пен бейберекетсіздік тудыруға тырысқан лаңкестік топтардың болуына сілтеме жасап, генерал Гүлер лаңкестікпен күресу және аймақта қауіпсіздік орнатуда ортақ ынтымақтастыққа дайын екенін айтып, Иранның Түркияның қауіпсіздігін өз қауіпсіздігі деп санағанындай Түркияның да қауіпсіздікті, әсіресе ортақ шекараларында қауіпсіздікті жақсарту үшін барлық күш-жігерін салатынын баса айтты.