Зариф: Сирия халқы қамқоршыны қажет етпейді
https://itolqyn.com/news/iran-i817-Зариф_Сирия_халқы_қамқоршыны_қажет_етпейді
Иран Сыртқы істер министрі: «Сирия халқы қамқоршыны қажет етпейді. Елдің келешегі үшін өздері шешім қабылдайды»,- деді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Ақп 15, 2016 14:37 Asia/Almaty
  • Зариф: Сирия халқы қамқоршыны қажет етпейді

Иран Сыртқы істер министрі: «Сирия халқы қамқоршыны қажет етпейді. Елдің келешегі үшін өздері шешім қабылдайды»,- деді.

ИСНА-ның мәліметінше, Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф жексенбі күні Брюссельге келген кезде журналистердің алдында кейбір мемлекеттердің Сирияға әскери араласуы туралы соңғы уәждерін жарнамалық ұран деп атап: «Бұл мемлекеттердің мүмкіндіктері мен қауқарлары толығымен айқын. Жарнамалық қоқан-лоққылармен мәселе шешілмейді. Бірақ айтылып жатқан уәждер аймақтағы бейберекеттіктердің күшеюіне себеп болады. Аймақ мемлекеттері ақиқатқа назар аударуларымен бірге бос қиялды шетке қойып, Сирия халқының талаптарына құлақ салып, Сирия халқының орнына шешім қабылдауды тоқтатуы керек»,- деп мәлімдеді.

Зариф сондай-ақ аймақтың маңызды мәселелері, соның ішінде Йеменнің жағдайы туралы пікір алмасуды сапарының маңызды мәселесі деп атап: «Бұл сапарда қаралатын келесі мәселе Сауд Арабиясының Йемен халқына қарсы заңсыз шабуылдарын тоқтату болып табылады. Бұл бүкіл халықаралық қауымдастықтың талабы»,- деді.