Гана Президенті халықтарға қатысты Иранның саясатына алғыс айтты
(last modified Mon, 15 Feb 2016 09:37:56 GMT )
Ақп 15, 2016 15:37 Asia/Almaty
  • Гана Президенті халықтарға қатысты Иранның саясатына алғыс айтты

Гана Президенті ИИР-ның сыртқы саясатын халықтардың өз тағдырын өздері шешу құқығын құрметтеуге негізделген деп бағалады.

Гана Президенті Джон Драмани Махама жексенбі күні Ислам революциясының жетекшісімен кездесуінде Иранның бай өркениеті мен ғылыми саладағы жетістіктеріне тоқталып, лаңкестікпен күресудегі Иранның әсерлі рөлінің арқасында Сирия мәселесінің шешілуіне үміт білдірді.

Гана Президенті Африка мен Батыс Азиядағы лаңкестік топтардың әрекеттеріне алаңдаушылық білдіріп: «Иранның лаңкестікпен күрес және Сирия мәселесін шешу салаларындағы шынайы талпыныстары мадақтауға лайық»,- деп, Палестина мәселесіне қатысты: «Палестина халқының апаты барлық халықтарды алаңдатуда. Сондықтан барлық исламдық елдер бір-бірімен ынтымақтастық жасап, Палестина халқының құқықтарын қорғауға міндетті»,- деп қуаттады.