Бағидинеджад: «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы Иран экономикасының алдынан кедергілерді ығыстырды
Иранның ядролық келісімгер тобының мүшесі «Ортақ қадам» жан- жақты бағдарламасының Иран экономикасының алдынан үлкен кедергілерді ығыстырғанын айтты.
Иранның ядролық келісімгер тобының мүшесі Хамид Бағидинеджад бейсенбі күні Иранның солтүстігіндегі Мазандаран облысының орталығы Сари қаласында губернаторлар форумының екінші кезеңінің аяқталу рәсімінде: ««Ортақ қадам» жан- жақты бағдарламасының күшіне енгізілуімен ең маңызды санкциялар, соның ішінде мұнай экспортына қойылған санкциялар алынды. Осы мұрсатты экономиканың өсуі үшін пайдалану керек.
Мұнайға салынған санкциялардың алып тасталуымен және Мұнай министрлігінің шынайы талпынысымен Иран ислам республикасы өзінің мұнай экспорттауын «Ортақ қадам» жан- жақты бағдарламасынан кейін күніне 2,5 млн баррельге, яғни санкцияларға дейінгі деңгейге жеткізе алды.
Қазіргі жағдайда Иран мұнайын әлемге экспорттауға және банк табыстарын ислам республикасына аудару үшін еш қиыншылық жоқ. Табыстар әлем банктері арқылы оңайлықпен елге аударылып жатыр» деді.