Иранның Сыртқы қатынас стратегиялық кеңесі: Аймақ елдерінің уәделеріне қайшы, олардың жерінен Иранға қарсы әрекет жасалды
https://itolqyn.com/news/iran-i82944-Иранның_Сыртқы_қатынас_стратегиялық_кеңесі_Аймақ_елдерінің_уәделеріне_қайшы_олардың_жерінен_Иранға_қарсы_әрекет_жасалды
ParsToday- Иранның Сыртқы қатынас стратегиялық кеңесі Иранның ержүрек халқы мен әлемнің түпкір-түпкіріндегі Ислам революциясының достарына Ислам революциясы жетекшісі имам Хаменеидің шәһид болуына байланысты көңіл айтып: «Иран халқы қарулы күштердің бұл сұм қылмысқа бүкіл күш-қуатымен қатаң жауап беретініне сенімді болуы керек»,- деп баса айтты.
(last modified 2026-03-03T16:19:28+00:00 )
Нау 02, 2026 23:13 Asia/Almaty
  • Иранның Сыртқы қатынас стратегиялық кеңесі: Аймақ елдерінің уәделеріне қайшы, олардың жерінен Иранға қарсы әрекет жасалды

ParsToday- Иранның Сыртқы қатынас стратегиялық кеңесі Иранның ержүрек халқы мен әлемнің түпкір-түпкіріндегі Ислам революциясының достарына Ислам революциясы жетекшісі имам Хаменеидің шәһид болуына байланысты көңіл айтып: «Иран халқы қарулы күштердің бұл сұм қылмысқа бүкіл күш-қуатымен қатаң жауап беретініне сенімді болуы керек»,- деп баса айтты.

ParsToday-дың IRNA-ға сілтеме жасап хабарлауынша, Иранның Сыртқы қатынас стратегиялық кеңесі мәлімдемесінде былай деді: «Аймақ мемлекеттері ИИР-ның шапқыншы сионистік режим мен оның қолдаушысы АҚШ-қа қарсы тұрып, тек өзінің ғана емес, аймақтағы араб елдерінің территориялық тұтастығын сионистік режимнің кеңеюінен қорғайтынын білеуі керек. Сондықтан Иранның аймақ елдеріндегі америкалық базаларға қарсы жауабы бұл елдердің егемендігіне қарсы деп санамау қажет. Өкінішке орай аймақ елдерінің өз жерін ИИР-на қарсы әрекеттенуге рұқсат етпеулері туралы уәделеріне қарамастан, олар америкалық базаларға әсер ете алмауларына байланысты АҚШ шабуылдарының алдын ала алмады. Сөйтіп, олардың жерлері ИИР-на қарсы шабуылдар үшін  қолданылды. Аймақ елдері ерте немесе кеш сионистік шапқыншы режимнің оларға қарсы шығатынын және Трамп уәделеріне қарамастан, аймақтағы араб елдеріне шабуыл бастайтынын білгені жөн. АҚШ сионистік режимнің Қатарға қарсы шабуылына көзін жұмғандай, іс жүзінде бұл режимнің билікқұмарлығын қолдайды».