Иравани: Иран өзінің ұлттық мүдделерін БҰҰ Жарғысының 51-бабына сүйене отырып қорғайды
ParsToday - Иранның БҰҰ-дағы елшісі АҚШ пен Израиль режимінің Иранға қарсы «қатыгез және заңсыз агрессиясын» айыптады.
ParsToday мәліметінше, ИИР-ның Біріккен Ұлттар Ұйымындағы елшісі және тұрақты өкілі Амир Саид Иравани АҚШ пен Израильдің Иранға шабуылының алтыншы күні Қауіпсіздік Кеңесіне, ұйымның Бас хатшысына және осы халықаралық ұйымның басқа да лауазымды тұлғаларына жолдаған хатында: «Иран Ислам Республикасы бұл жабайы және заңсыз агрессиялық әрекеттерді тағы да ең қатаң түрде айыптайды»,- деп баса айтты.
Иравани былай деді: «Осы агрессивті әрекеттерге жауап ретінде ИИР олар тоқтағанша БҰҰ Жарғысының 51-ші бабына негізделген өзін-өзі қорғауға деген өзінің табиғи және заңды құқығын жүзеге асыруды жалғастырады және осыған байланысты өзінің егемендігін, аумақтық тұтастығын, халқын және маңызды ұлттық мүдделерін қорғау үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды».
Хат былай аяқталады: «ИИР халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтауға жауапты БҰҰ-на мүше барлық мемлекеттерін бұл агрессиялық әрекетті анық және біржақты айыптауға және Иран халқына қарсы қантөгіс пен соғысты тоқтату үшін қажетті дереу және бірлескен шараларды қабылдауға шақырады, себебі бұл жағдай сөзсіз аймақтық және халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке бұрын-соңды болмаған қауіп төндіреді».