«Седжил» зымыраны, АҚШ пен сионистік режимге қарсы тұрудағы рөлі
ParsToday - АҚШ пен сионистік режимнің Иранға жаңа шабуылынан кейін, Ислам революциясы Сақшылар корпусы Әуе-ғарыш күштері жауап шара ретінде жаудың нысандарын әртүрлі баллистикалық зымырандармен нысанаға алып, «Шын уәде-4» операциясын бастады.
ParsToday-дің хабарлауынша, 2026 жылдың 28 ақпанында АҚШ пен сионистік режимнің Иранға шабуылына байланысты, Ислам революциясы Сақшылар корпусы Әуе-ғарыш күштері жауап шара ретінде «Шын уәде-4» операциясын бастады, оның 55 кезеңі әртүрлі баллистикалық зымырандарды қолдану арқылы жүзеге асырылды.
Сақшылар Корпусының қоғамдық байланыс бөлімі «Шын уәде-4» операциясы 54-ші толқынның «Уа, Захра (ғ.с.)» кодымен және Дәжле өзенінің шығысындағы шәһидтерді (Мәһди және Хамид Бақири) еске алу мақсатында сионистік режимнің стратегиялық нысандарына аса ауыр зымырандармен жүзеге асырылғанын жариялады. Бұл операцияда алғаш рет стратегиялық және қатты отынды «Седжил» алыс қашықтық зымыраны қолданылды.
Жалпы шолу
«Седжил» – бұл 2008 жылдың 12 қарашасында сынақтан өткізілген және Иранның зымыран өнеркәсібінде үлкен өзгеріс әкелген, қатты отынды баллистикалық зымырандардың бірінші алыс қашықтықты нәсілі. Сол кездегі Қарғаныс министрі, Сардар Мұхаммад Наджар «Седжил» зымыраны туралы былай деді: «Қорғаныс министрлігінің Әуе-ғарыш ұйымының мамандары жерден-жерге қатты композитті отынды жаңа ұрпақ зымыранды сынақтан өткізуге табысты болды және «Седжил» зымыраны мен оның ұшыру платформасын жобалау мен құрастырудың барлық кезеңдері Қорғаныс министрлігінің мамандарының қолымен орындалды».
Әскери сарапшылардың айтуынша, Иранның мұндай зымыранды жасау технологиясына қол жеткізуі, Иранның баллистикалық зымырандар жасау саласында технологияны менгергенін білдіреді. Шын мәнінде, бұл Иранның қатты отынды алыс қашықтықты бірінші зымыраны.
2009 жылдың 15 желтоқсанында «Седжил 2»-нің табысты сынақ суреттері жарияланды. «Седжил 2» зымыраны – бұл «Седжил 1»-ге қарағанда оңтайландырылған нұсқа, оның ұшыру уақыты қысқа, сондықтан операциялық жылдамдығы жоғары және сонымен бірге оңтайландырылған соққы басы бар.
Әскери сарапшылар: ««Седжил» баллистикалық зымыранын сионистік режимнің Иранға кез келген басып кіруіне жауап беру үшін Иранның бірінші таңдауларының бірі»,- деп жариялады. Бұл тақырып зымыранға назар аударуды арттырды. Иран мен Палестина басып алынған жерлері арасындағы қашықтық тек 1300 шақырым және бұл зымыран Тел-Авивке 7-10 минут ішінде жете алады. Сарапшылар бұған дейін Иран «Седжил» зымырандарын басып алынған Палестинаға қарай атқыласа, оларды бақылау қатты отынды пайдалануы және олардың жоғары жылдамдығына байланысты сионистік режимнің зымыранға қарсы жүйелері үшін өте қиын болатынын айтқан болатын. Израильде қазіргі уақытта баллистикалық зымырандарға қарсы тұру үшін жүйелер бар, олардың ең жаңаларының бірі «Arrow 3» болып табылады.
«Седжил» АҚШ-тың «Patriot» әуе қорғанысы және зымыранға қарсы жүйесі мен Израильдің «Arrow 3» зымыранға қарсы жүйесі оған қарсы тұра алмайтындай етіп жобаланған.
Ерекшеліктері:
* «Седжил» жерден-жерге баллистикалық зымыраны 1-блок, 2-блок және соққы басынан тұрады.
* Бұл зымыран 23 тоннадан астам салмақпен және оның қозғалыс жылдамдығын 4300 м/с-қа дейін жеткізетін екі сатылы қатты отынды қозғалтқышпен, көрсетілген нысандарды жоюды жоғары дәлдікпен орындау қабілетіне ие.
* Бұл зымыранның атмосфераға кіру жылдамдығы шамамен 13 Мах (1 Мах = 1224 км/сағ) және оның соңғы қашықтығы 2000 км, бұл Иранның ең қауіпті баллистикалық зымырандарының бірі болып саналады. Дегенмен, жеңілірек соққы басын тасымалдау арқылы бұл қашықтықты арттыру мүмкін.
* «Седжил» қатты отынды пайдаланады. Сұйық отынға қарағанда қатты отынды пайдаланудың ең маңызды артықшылықтарының бірі – бұл отындардың тұрақтылығы. Сұйық отындардың тұрақтылығы өте төмен және белгілі бір уақыттан кейін зымыран отынын міндетті түрде ауыстыру керек, ал қатты отындар бірнеше жыл бойы сақталады, сондықтан бұл зымырандарды ұстау оңайырақ.
* «Седжил» зымыранында радиолокациялық жасырыну жабындарын пайдалану Иранның қорғаныс және университет секторы мамандарының күш-жігері арқылы мүмкін болды. Арнайы бояу, зымыран корпусының материалы және кейбір арнайы электронды жүйелерді пайдалануды қамтитын үш фактор бұл зымыранның радиолокациялық жасырыну негіздерін құрайды, олардың әр бөлігінде ирандық мамандар ең жоғары технологияға қол жеткізіп, арнайы инновацияларды да пайдаланды.