Ислам революциясы жетекшісінің Ислам Кеңесі Мәжілісінің оныншы шақырылымының ашылу рәсіміне арнаған жолдауы
Ислам революциясының жетекшісі Ислам Кеңесі Мәжілісінің оныншы шақырылымының ашылу рәсіміне арнаған жолдауында мықты экономика мен исламдық мәдениетті осы Мәжілістің басты екі бағдары деп атады.
Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи бүгін, сенбі күні Ислам Кеңесі Мәжілісінің оныншы шақырылымының ашылу рәсіміне арнаған жолдауында халықтың Мәжіліс сайлауына жаппай қатысуына алғыс айтып, Ислам Кеңесі Мәжілісінің депутаттарына мықты экономика жасауға және ислам мәдениетінің кеңеюі мен тереңдеуі үшін қажетті дүниелерді атқаруға, сондай-ақ, фракциялық тартыстар мен бір адамның жеке мақсаттарын ортақ мүддеге таңудан бас тартуға кеңес берді.
Ислам революциясының жетекшісі, сондай-ақ: «Иран халқы өте маңызды Мәжіліс сайлауына жаппай қатысу арқылы өзінің ислам республикасының жүйесіне адалдығын қайта растап, осылайша жамандық ойлаушыларға жауап берді.
Аймақ пен әлемнің күрделі жағдайы және үстемшілдер мен олардың одақтастарының халықаралық авантюрасы Иранды бұрынғыдан бетер күрделі жағдаймен бетпе-бет келтірді»,-деп баса айтты.
Ол Иранның осы жағдайға төтеп берудегі айбынының жауапты тұлғалардың қырағылы мен шынайы ерік-жігері және бастамашылдығын қажет ететінін айтты.