Ислам революциясы жетекшісінің Гана Президентімен кездесуіндегі сөзі
Иран Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи кеше, жексенбі күні Гана Президенті Джон Драмани Махамамен кездесуінде үстемшіл мемлекеттердің мүдделерін дүниежүзінің әртүрлі жерлеріндегі бейберекеттіктер мен әртүрлі соғыстарының себебі деп атады.
Ислам революциясының жетекшісі лаңкестік топтардың аймақ пен Африкадағы әрекеттерінің көбеюіне тоқталып, көптеген дамыған қару-жарақ пен ақша лаңкестердің қолына қалай түседі деген сұрақ қойып: «Барлық мәселелердің тамыры АҚШ басқарған үстем үкіметтерден басталады. Сионистік режим де абыройсыздықтың көрінісі»,- деді.
Негізінде осы кезде мемлекеттердің көбі лаңкестік деп аталатын ортақ қоқан-лоққымен бетпе-бет келуде. Бұл қоқан-лоққы лаңкестіктің шекараны танымайтынын және Азиядан Африкаға дейін, Еуропаның орталығында, тіпті Америка қоғамында да байқалатынын көрсетті. Лаңкестік пен экстремизмнің дамуының көптеген себептері бар. Ең маңызды себептердің бірі Батыстың лаңкестікке екіжүзділік танытып, ДАИШ сынды лаңкестік топтарды құрал ретінде пайдалануы болып табылады.
Ислам революциясының жетекшісі Гана Президентімен кездесуінде бұл мәселенің шешім жолын оған себеп болған барлық факторларға қарсы тұрып, лаңкестіктің тамырын жою деп атады. Алайда бұл ортақ мақсатқа жету үшін барлық елдер ынтымақтастық жасайтындай жағдай орнату керек. Иран басқа елдермен қарым-қатынасын осы негізге сүйеніп орнатуда. Иранның Африка елдерімен, соның ішінде Ганамен қарым-қатынасы осы ерекшелікке ие. Гана Президенті ИИР-ның басшыларымен өткізген ресми келіссөздерінде екіжақты қарым-қатынастарды қуаттады. ИИР-ның пікірінше, бүгін әлемдік дағдарыс ынтымақтастық болмаса барлық елдерге зиян келтіреді. Мұндай жағдайда жеңген адам болмайды.
Расында қауіпсіздік – әлемдік мәселе. Ол Азия мен Африканың шекараларымен шектелмейді. Бұл дағдарыстардан тек ынтымақтастық арқылы шығуға болады. Бұл ынтымақтастықтар Азиядан Еуропа мен Африкаға жете алады. Үстемшілдерге қарсы күрестің үлкен тәжірибесіне ие Гана осы кезде лаңкестік топтармен күресуге шешім қабылдады. Қалай болғанда да ортақ қоқан-лоққылармен күресу үшін лаңкестікпен күресу туралы уәж айтатын кейбір үкіметтердің екіжүзді саясаттарын тоқтатуды қажет етеді деп айтуға болады.
Шын мәнінде аймақтың кейбір мемлекеттері, соның ішінде Сауд Арабиясы лаңкестіктің таралуына себеп болып, Сирияның егемендігін құлату үшін лаңкестерді қолдайды. Мұндай саясат тек АҚШ-тың араласу мақсаттарын алға жылжытып, Израиль режимі үшін аймақ дағдарыстарын өз мүддесіне пайдалануға мұрсат тудырып отыр.