Қытайдың алғашқы контейнерлік пойызы Теһранға келді
"Жібек жолы" бағытындағы алғашқы контейнерлік пойыз бүгін, дүйсенбі күні Қытайдан Теһранның темір жолына енді.
Иранның Темір жол компаниясының атқарушы директоры Мохсен Пурсеидағаи Қытай, Қазақстан және Түркіменстан елшілерінің қатысуымен өткен Қытайдың алғашқы жүк поезын қарсы алған шарада сөз сөйлеп, пойыздың шамамен екі апта бұрын Қытайдан жолға шыққанын айтты.
Иранның Темір жол компаниясының атқарушы директоры осы пойыздың 14 күннен азырақ мерзім ішінде Теһранға келуін «Жібек жолын» жандандыру үдерісіндегі бұрын-соңды болмаған оқиға деп атап: «Пойыз Теһранға жету үшін 10399 шақырым жолды жүріп өтті. Осы бағытта 30 күн үнемделіп, пойыз Қазақстан және Түркіменстан елдерін басып өту арқылы Иранға жетті» деді.
Иранның Жол және қала құрылысы министрінің орынбасары бұл бағыттың Теһранмен аяқталмай, Еуропаға дейін жалғасатынын баяндап: «Қытайдан Еуропаға рельстік жолдың іске қосылуымен Иран бағытынан Еуропаға транзиттік жүктер көбірек тасымалданатын болады. Бұл Иранның транзиттік табысының ұлғаюына себеп болады» деді.