Иран Президенті Батыс-Әзірбайжан облысының ғұламалары мен ардагерлері алдында сөз сөйледі
(last modified Tue, 31 May 2016 12:36:23 GMT )
Maм 31, 2016 18:36 Asia/Almaty
  • Иран Президенті Батыс-Әзірбайжан облысының ғұламалары мен ардагерлері алдында сөз сөйледі

ИИР Президенті Хасан Рухани: «Сауд Арабиясының ирандық зияратшылардың жолына кедергі жасауы – сионистік режимнің қалауын қамтамасыз ету»,-деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, дүйсенбі күні Батыс-Әзірбайжан облысындағы ғұламалар, ардагерлер мен елдің бетке ұстар азаматтары алдында сөз сөйлеген Хасан Рухани: «Мекке мен Мәдинаға қажылыққа бару – барша мұсылмандарға тиесілі құқық. Бұл қалалар ислам әлемінің мүддесіне жетуге арналған орын болып саналады. Осы екі қасиетті қалаға қызмет етушіміз деп уәж айтушылардың Алла үйіне қажылыққа баруға тосқауыл қойып, аймақта тұрақсыздықты таратуы сионистік режимнің қалауын қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылып жатыр»,-деді.

ИИР Президенті бүгінде аймақта тұрақсыздықты таратқан барлық адамдардың терроризм мен тұрақсыздықты Иранда да таратқысы келгенін айтып: «Терроризм мен қырып-жоюдың тамыры халықаралық сионизм мен әлемдік үстемшілдікте жатыр. Олар Иран халқының бірлігі мен болаттай берік бөгетін көргенде өз шараларын атқара алмады»,-деді.