Революцияның мәртебелі жетекшісінің мәжіліс депутаттарын қабылдауында сөйлеген сөзі
Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі қарсыласу экономикасы, мәдениет және ішкі, аймақтық, сонымен қатар халықаралық саясатты қарастыруды Иран ислам кеңесі мәжілісінің басты бағдарлары деп атады.
Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи жексенбі күні Иран ислам кеңесі мәжілісінің оныншы шақырылымының төрағасы және депутаттарын қабылдауында ислам кеңесі мәжілісінің айбындылығын және істің басты орнында болатын мәртебесін сақтаудың қажеттілігін қуаттап: «Мәжіліс елге тыныштық рухын дарытумен қоса, заң шығаруда революциялық әрекет жасап, Американың өшпенді және қаскүнем тұрғыларына реакция көрсетіп, үстемшілердің саясатының алдында қарсы тұруы керек» деді.
Ол АҚШ үкіметі мен Конгресінің Иранмен өшпенді қатынасына сілтеме жасап: «Дұшпандардың шектен шығушылығына қарсы майданға келіп, өткір жауаппен ауыздарын жабу керек, өйткені дұшпан саяси айдында біздің әрекетіміз бойынша есептеседі. Ал егер қарсы тарапты қол қусырып отырып, кері шегінеді деп сезсе, артық талап қойып, көптен дәмеленеді.
Дұшпанның Батыс Азияның маңызды және күрделі аймағы үшін белгілі жоспарлары бар. Сол себепті өз жоспарының жүзеге асуына кедергі болатын Иранның саясатын залалсыздандыруға тырысады.
Ислам мен мұсылмандардың құзыры, мұнайдың ірі қоры мен су өткелдері және сионистік режим Батыс Азия аймағын дұшпан үшін маңызды етіп отыр. Олар аймақ үшін осыдан бірнеше жыл бұрын «жаңа Таяу Шығыс» және «үлкен Таяу Шығыс» деп атаған жоспарды жүзеге асыруды ойластыруда» деді.
Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі Иран ислам республикасының қарсы тұруына байланысты АҚШ- тың аймақтағы, соның ішінде Ирак, Сирия, Ливан және Палестинада жоспарларының жүзеге аспауына сілтеме жасап: «Үстемқұмарлық саясатына қарсы тұрып, үстемшілердің бейнесін әшкерелеу керек» деді.