Шамхани: Кейбір елдер өзінің Сирияға қатысты бұрынғы қателігін қайталауда
https://itolqyn.com/news/iran-i898
Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы: "Өкінішке орай, аймақтағы кейбір елдер өзінің Сирияға қатысты бұрынғы қателігін жаңалап қайталауда" деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Ақп 16, 2016 21:22 Asia/Almaty
  • Шамхани: Кейбір елдер өзінің Сирияға қатысты бұрынғы қателігін қайталауда

Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы: "Өкінішке орай, аймақтағы кейбір елдер өзінің Сирияға қатысты бұрынғы қателігін жаңалап қайталауда" деді.

Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы Әли Шамхани сейсенбі күні Түркия мен Сауд Арабиясының Сириядағы соңғы әрекеттері туралы Иран Ислам Республикасының тұрғысы жөнінде Иран Телерадио ұйымы ақпарат агенттігінің сауалына берген жауабында: «Сирияға қатысты әлемдік тұрғы саяси шешім жолын қуаттау болып табылады. Бұл негізде әскери шешім жолы жоқ.

Әлем Сирияның келешегін сол елдің халқы анықтауы керек және осы үдеріске қайшы шаралар Сирия мәселесін шешпейді деп санайды» деді.

Шамхани сондай-ақ «Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесі «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын бұзу фактілерін байқады ма" деген сауалға: «Ортақ қадам» жан- жақты бағдарламасының орындалуын қадағалау жүйелі түрде қарастырылады. Виза беру мәселесінің бұзылуы шешім жолын ұсыну үшін қарастырылған жайттардың бірі болды» деп жауап берді.