Рухани: Үкімет жетімдерге көмектесуді өз міндеті санайды
ИИР Президенті: «Қасиетті Ислам діні адамзат қоғамын, әсіресе исламдық қоғамды бір үлкен жанұя деп санайды»,- деді.
Иран Президентінің баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, ИИР Президенті Хасан Рухани сейсенбі күні имам Хомейни атындағы жедел көмек көрсететін комитеттің көмегін пайдаланатын адамдар мен жетімдер қатысқан ауызашар рәсімінде баршаны мұқтаждарға көмектерін екі есе арттыруға шақырып: «Қоғамдағы мейірімді билік илаһи рақымдылықтың артуына себеп болады. Үкімет жетімдер мен мұқтаж жанұяларға көмектесуді өз міндеті деп санайды»,- деді.
Қасиетті рамазан айының бірінші ауызашарында жетімдерді қабылдаған Иран Президенті илаһи рақымдылық және күнәларды кешіретін қасиетті рамазан айының басталуымен құттықтап: «Барша Иранның перзенттерінің алдында үлкен міндетке ие. Бір мұсылман қоғамның барлық перзенттерін өз перзенті санайды»,- деді.