Революцияның мәртебелі жетекшісі атақты ақын Сабзеваридің қазасына байланысты көңіл айтты
Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі атақты ақын, өнерпаз Хамид Сабзеваридің қазасына байланысты көңіл айтып, үндеу жолдады.
Ислам революциясы мәртебелі жетекшісінің атақты ақын Хамид Сабзеваридің қазасына байланысты көңіл айтқан жолдауында былай деп жазылған:
«Өміршең және мақтанышқа толы осы есім, еңбекқор және батыр өнерпаздың поэзия мен әдебиет саласында революцияға демеушілік етудегі бағалы еңбегін еске түсіреді
Ашық, қадамы берік және уақыттың қадірін білуші Хамид Сабзевари өзінің асқақ өнерін ислам революциясы мен одан шыққан жүйені тілі жатық әрі тартымды әсерлі өлең тұрғысынан қамтамасыз етуге қызмет етті. Хамид Сабзеваридің мазмұнға бай ұзақ шығармалары мен лирикалық өлеңдері Иран ислам революциясына тән әдеби байлықты ұсынды.
Сабзевари революциямен бірге жасап, ислам мен революция үшін өлең шығарып, адалдықпен Иран ислам революциясының жанында болды».
Ислам революциясы мен қасиетті қорғаныс кезеңіндегі мәшһүр және өміршең өлеңдердің авторы Хамид Сабзевари сенбі күні 91 жаста бұл пәни дүниемен қоштасты.