Сақшылар корпусының бас қолбасшысы: Саудиялықтардың Сирияға құрлықтан шабуыл жасауға батылы бармайды
Иран революциясы Сақшылар корпусының бас қолбасшысы: "Саудиялықтардың Сирияға құрлықтан шабуыл жасауға батылы бармайды әрі күші де жетпейді" деді.
Ислам революциясы Сақшылар корпусының бас қолбасшысы, дивизия генералы Мұхаммад Әли Джафари саудиялықтардың Сирия жеріне құрлықтан кіру жөніндегі сөздеріне қатысты: «Саудиялықтардың Сирияға құрлықтан шабуыл жасауға батылы жеткен емес және келешекте де ондай әрекетке бармайды, өйткені саудиялықтар Сирия жеріне құрлықтан кіретіндей деңгейде емес, сондай-ақ осындай деңгейде әрекет етуге бұл елдің шамасы жоқ. Саудиялықтар аспан арқылы АҚШ пен өзге елдердің жабдықтарымен Сирия халқы мен армиясының алдында лаңкестерді күшейту үшін шара қолдануы мүмкін, бірақ мұндай шаралардан да еш нәтиже шықпайды, өйткені Сирия армиясы мен халқы өз жерін қорғауға бекем бел буып отыр» деді.
Йемендік күштермен тайталаста қиындыққа тап болып отырған Сауд Арабиясы ағымдағы ақпан айының бас кезінде Сирияға құрлық күшін аттандыруды ниет етіп отырғанын мәлімдеген болатын. Оған Түркия да қолдау көрсетіп отыр.