Иран, Ресей және Түркия Сирияда атысты тоқтатуды қадағалайтын комиссия құрады
Иран, Ресей және Түркия Сирияда атысты тоқтату мен осы елдің дағдарысы жөніндегі Астана келіссөздерін өткізудің бастамашысы болған үш мемлекет ретінде Сирияда жауласуды доғару шартын қадағалайтын комиссия құру жоспарын қарастырады.
Иран, Ресей және Түркия делегацияларының мүшелері бүгін сейсенбі күні Астана келіссөздері аясындағы үшжақты бірлескен төртінші отырысында Сирияда атысты тоқтатуды қадағалау және қақтығысты доғарудың тиісті жолдарын қарастырды. Үш мемлекет Мәскеуде Иран, Ресей және Түркия Сыртқы істер министрлері Мұхаммад Джавад Зариф, Сергей Лавров және Мевлют Чавошуғлоның қатысуымен мақұлданған 29- шы желтоқсан келісімшартының кепілі ретінде Сирияда атысты тоқтатуды қадағалау үшін комиссия құруы тиіс. Сондай- ақ бүгін Қазақстанның елордасында сириялық сұхбаттасулардың екінші және соңғы күнінің отырысы қатысушы делегациялар арасында бірнеше екіжақты кездесулер өткізумен жалғасты.
Сирияда 2011 жылдан бері үкіметтік күштер мен тәкфирлік топтардың арасында, соның ішінде ДАИШ тобымен азамат соғысы жүріп жатыр.
Сириядағы Адам құқығы бюросының статистикалық мәліметі бойынша соғыс басталғаннан бері Сирияда қаза болғандардың саны 300 мың адамнан асады.