Сирияның бейбітшілік келіссөзіне қатысатын ирандық делегация Қазақстанға келді
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i24354-Сирияның_бейбітшілік_келіссөзіне_қатысатын_ирандық_делегация_Қазақстанға_келді
Сирия бейбітшілік келіссөзіне қатысатын ирандық делегация Иран СІМ-нің араб және африкалық елдер ісі бойынша орынбасары Садық Хосейн Джабери Ансаридың жетекшілігімен сейсенбі күні Алматыға келді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Ақп 15, 2017 09:50 Asia/Almaty
  • Сирияның бейбітшілік келіссөзіне қатысатын ирандық делегация Қазақстанға келді

Сирия бейбітшілік келіссөзіне қатысатын ирандық делегация Иран СІМ-нің араб және африкалық елдер ісі бойынша орынбасары Садық Хосейн Джабери Ансаридың жетекшілігімен сейсенбі күні Алматыға келді.

Садық Хосейн Джабери Ансари Алматы әуежайында тілшілерге берген сұхбатта Қазақстанның елордасында Сирияның бейбітшілік келіссөздерін жалғастыру мақсатында өтетін "Астана-2" отырысына Иран делегациясының Ресей және Түркиямен бірге қатысатынын мәлімдеп:

«Сирияда жалпыға бірдей атыс тоқтатуды жалғастырудың қажеттілігі, белгіленген аймақтарда тұрақтылық орнату үшін үйлесімділік жасау, Иран, Ресей және Түркиядан құралған атысты тоқтатудың орындалуын қадағалаушы бірлескен комиссияның шараларына шолу жасау осы келіссөздердің өзекті тақырыптары болады» деді.

"Астана-2" деп аталатын Сирия бейбітшілік келіссөздерінің екінші кезеңі Иран, Ресей және Түркия Сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары деңгейінде ақпанның 15-16- күндері Астанада өтеді.

Астанадағы Сирия бейбітшілік келіссөздерінің алғашқы кезеңі Иран, Ресей және Түркияның қадағалауымен қаңтардың 23-24 күндері өтті.

Отырыстың негізгі тақырыптарын атысты тоқтатуды тұрақтандыру, лаңкестікке әсерлі түрде тосқауыл қою және Сирия үкіметі мен оның қарсыластары арасында «сириялық-сириялық» сұхбаттасулар өткізу құрады.