Лаңкестікпен күрес – Қытай мен Қазақстанның қауіпсіздік саласының басшылары келіссөзінің өзегі
Қазақстанның Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің төрағасы мен Қытай Қауіпсіздік министрінің кездесуінде лаңкестік, жікшілдік және әсірешілдікпен күрес мәселелері қарастырылды.
"Фарс" ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, жұма күні кешке Қазақстанның Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімов пен Қытайдың Қауіпсіздік министрі мен осы елдің бірнеше өкілі Астанада кездесті.
Кездесуде Қазақстан мен Қытайдың қауіпсіздік саласының жоғары деңгейлі басшылары лаңкестік және есірткі заттар контрабандасымен күрес, сонымен қатар киберлік қауіпсіздікпен қамтамасыз етуге қатысты мәселелерді талқыға салып, ой бөлісті.
Кездесуде Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы кеңістігінде лаңкестік, жікшілдік және әсірешілдікке тосқауыл қою негізіндегі қиыншылықтарды шешу мақсатында бірлескен шараларды кеңейту жөнінде келісімдер жасалды.
Қытайлық делегация Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше елдер басшыларының 12 отырысына қатысу үшін Астанаға сапармен келіп отыр.