Астана келіссөздерінің төртінші кезеңі мамандардың екі жақты отырыстарымен басталады
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i26692-Астана_келіссөздерінің_төртінші_кезеңі_мамандардың_екі_жақты_отырыстарымен_басталады
Қазақстан Сыртқы істер министрі сейсенбі күнгі мәлімдемеде Сирия жөніндегі келіссөздердің төртінші кезеңінің Қазақстанның елордасы Астанада екі жақты отырыстармен жабық есік жағдайында басталатынын мәлімдеді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Maм 02, 2017 23:06 Asia/Almaty
  • Астана келіссөздерінің төртінші кезеңі мамандардың екі жақты отырыстарымен басталады

Қазақстан Сыртқы істер министрі сейсенбі күнгі мәлімдемеде Сирия жөніндегі келіссөздердің төртінші кезеңінің Қазақстанның елордасы Астанада екі жақты отырыстармен жабық есік жағдайында басталатынын мәлімдеді.

Мәлімдемеде: «Сирияда ымыраға кепіл болған елдердің әскери мамандарының отырысы жергілікті уақыт бойынша 12:30 минутта Астанада жабық есік жағдайында өтеді.

Екі жақты келіссөздер мамырдың 3-4 күндері осы отырысқа қатысушылар арасында жабық есік жағдайында өтеді» деп жазылған. Барлық қатысушылардың жалпы отырысы мен баспасөз конференциясы бейсенбі күні түстен кейін өтуі тиіс.