Сирия дағдарысын шешу туралы Астананың бесінші отырысы шілденің 4-5 күндері өтеді
Қазақстан дүйсенбі күні Женевадағы Сирияның бейбітшік келіссөздерінен бұрын Астана келіссөздерінің келесі кезеңінің Ресей, Иран және Түркияның қатысуымен өтетіні туралы хабарлады.
Иран Телерадио бірлестігінің ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Қазақстан Сыртқы Істер Министрлігі өз мәлімдемесінде бұл министрліктің Ресей, Түркия және Иран басшыларымен ақылдасып, Астана келіссөздерінің негіздеріне сәйкес, шілденің 4-5 күндері Қазақстанның Елордасында жоғары басшылар деңгейінде келесі отырыстың өтетінін хабарлаған.
Қазақстан Сыртқы Істер Министрлігінің мәлімдемесі бойынша Астана отырысының алдағы кезеңіне қатысушылар Сириядағы қақтығыстарды тоқтату, аймақтардың жағдайы, дағдарысқа тірелген аймақтарға гуманитарлық көмек жеткізу және бұл елдің инфрақұрылымдарын қайтадан құру туралы мәселелерді қарастырады.
Женева келіссөздеріне жақын дереккөздерінің бірі Сирияға қатысты Женева келіссөздерінің жетінші кезеңінің маусымның 10 күні өтетіні туралы хабарлады.