Астана-5 келіссөздері аяқталды
ИИР, Ресей мен Түркия өкілдерінің делегациялары Сирия мәселесіне қатысты Астана келіссөздерінің бесінші кезеңінде Сириядағы қауіпсіз аймақтардың көрсеткіштерін анықтау жөніндегі арнайы комитет құру жөнінде келісімге келді.
ИИР, Ресей мен Түркия арнайы ортақ комитетке Сириядағы шиеленіс азайған төрт аймақтың техникалық көрсеткіштерін анықтау өкілеттілігін берді.
Астанадағы «сириялық-сириялық» келіссөздердің бесінші кезеңі сәрсенбі күні қатысушы делегациялардың Сириядағы жұмыстардың бағыттары мен жеткен жетістіктерді бағалау жөніндегі үйлесімдік жұмыстарынан кейін аяқталды.
Отырыстың келісіміне сәйкес, сарапшылардың келесі отырысы тамыздың 1-2 күндері Теһранда, Астана-6 келіссөздері 2017 жылдың тамыз айының соңғы аптасында Қазақстанның елдордасында өтеді.
Бұл келіссөздер Сирияда бейбітшілік орнату мақсатында ИИР-дың бастамасы мен Ресей және Түркияның ынтымақтастығымен өткізілді.