Сирия дағдарысын шешуге арналған Астана отырысының өтетін уақыты өзгерді
9-31 тамыз аралығында Қазақстанның елордасы Астана қаласында өтуі тиіс болған Сирия жөніндегі Астана келіссөздерінің алтыншы кезеңі кейінге қалдырылды.
Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің Алматыдан хабарлауы бойынша, осы келіссөздерді ұйымдастырушы ҚР-ның Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов сәрсенбі күні: «Астана келіссөздерінің алтыншы кезеңін өткізу уақыты атысты тоқтату бітімін кепілдендіруші-келісімгер үш елдің, соның ішінде Иран, Ресей, Түркияның өтінішімен, сондай-ақ Теһранда сарапшылар отырысы өткізілетіндігіне байланысты қыркүйектің ортасына қалдырылды»,-деп мәлімдеді.
Осыдан бұрын Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Сирия бейбіт келіссөздерінің алтыншы кезеңі ҚР-ның астанасы Астана қаласында қыркүйек айында өтеді деп хабарлаған болатын.