Сирия дағдарысын шешуге арналған Астана отырысының өтетін уақыты өзгерді
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i30170-Сирия_дағдарысын_шешуге_арналған_Астана_отырысының_өтетін_уақыты_өзгерді
9-31 тамыз аралығында Қазақстанның елордасы Астана қаласында өтуі тиіс болған Сирия жөніндегі Астана келіссөздерінің алтыншы кезеңі кейінге қалдырылды.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Там 23, 2017 22:00 Asia/Almaty
  • Сирия дағдарысын шешуге арналған Астана отырысының өтетін уақыты өзгерді

9-31 тамыз аралығында Қазақстанның елордасы Астана қаласында өтуі тиіс болған Сирия жөніндегі Астана келіссөздерінің алтыншы кезеңі кейінге қалдырылды.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің Алматыдан хабарлауы бойынша, осы келіссөздерді ұйымдастырушы ҚР-ның Сыртқы істер  министрі Қайрат Әбдірахманов сәрсенбі күні: «Астана келіссөздерінің алтыншы кезеңін өткізу уақыты атысты тоқтату бітімін кепілдендіруші-келісімгер үш елдің, соның ішінде Иран, Ресей, Түркияның өтінішімен, сондай-ақ Теһранда сарапшылар отырысы өткізілетіндігіне байланысты қыркүйектің ортасына қалдырылды»,-деп мәлімдеді.

Осыдан бұрын Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Сирия бейбіт келіссөздерінің алтыншы кезеңі ҚР-ның астанасы Астана қаласында қыркүйек айында өтеді деп хабарлаған болатын.