Рухани мен Ердоған Мьянмада мұсылмандарға қарсы қылмыстардың тоқтатылу қажеттігін қуаттады
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i30605-Рухани_мен_Ердоған_Мьянмада_мұсылмандарға_қарсы_қылмыстардың_тоқтатылу_қажеттігін_қуаттады
ИИР Президенті Хасан Рухани мен Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған сенбі күні кешке Қазақстанның елордасы Астанада ислам елдері басшыларының саммиты аясында кездесіп, әртүрлі мәселелер, соның ішінде Мьянма жайында сұхбаттасты.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қыр 10, 2017 14:06 Asia/Almaty
  • Рухани мен Ердоған Мьянмада мұсылмандарға қарсы қылмыстардың тоқтатылу қажеттігін қуаттады

ИИР Президенті Хасан Рухани мен Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған сенбі күні кешке Қазақстанның елордасы Астанада ислам елдері басшыларының саммиты аясында кездесіп, әртүрлі мәселелер, соның ішінде Мьянма жайында сұхбаттасты.

Рухани осы кездесуде Мьянма мұсылмандарының қайғылы жағдайына тоқталып: «Мьянмада үлкен апат орын алып жатыр. Рохинья мұсылмандарына қарсы қылмыстар мен қатігездіктерді тез арада тоқтату және босқындар мен зиян көргендердің жағдайын шұғыл түрде қарастыру Ислам елдері басшыларының ұжымдық мақсаты болуы тиіс»,-деп қуаттады.

Рухани Астанадағы ислам елдері басшылары саммитының Мьянмада мұсылмандарға қарсы қатігездік жасап жатқандарға анық та мықты жолдау жіберетіндігіне үміт білдірді.

Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған да Астанадағы ислам елдері басшылары саммитының Мьянма жайында мәлімдеме жасайтындығына үміт білдіріп, Иранмен осы салада ортақ шаралар атқаруға болатынын, Мьянма басшыларына мұсылмандарға қарсы қатігездікті тез арада тоқтатуы үшін қатаң ескерту жасалуы керектігін айтты.

ИИР Президенті Хасан Рухани жексенбі күні  Әзірбайжан республикасының Президенті Илхам Әлиев және Венесуэла Президенті Николас Мадуромен кездесіп, екі жақты қызықтыратын тақырыптар мен аймақ пен әлемдегі өзгерістер жөнінде  сұхбаттасты.