Астана келіссөздеріне барлық тарап қатысатын болды
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i31969-Астана_келіссөздеріне_барлық_тарап_қатысатын_болды
Қазақстан мәлімдеме жариялап, осы елде қазанның аяғында өткізілетін Сирия істері жөніндегі Астана келіссөздеріне барлық тараптың қатысатынын хабарлады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қаз 28, 2017 15:07 Asia/Almaty
  • Астана келіссөздеріне барлық тарап қатысатын болды

Қазақстан мәлімдеме жариялап, осы елде қазанның аяғында өткізілетін Сирия істері жөніндегі Астана келіссөздеріне барлық тараптың қатысатынын хабарлады.

Иран Теларадио бірлестігінің ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Қазақстан СІМ-нің мәлімдемесінде Астана келіссөздерінің жетінші кезеңінің Иран, Ресей және Түркия делегацияларының қатысуымен осы елдің бас қаласында қазанның 30-31 күндері өтетіндігі айтылған.

Отырысқа Иран Сыртқы істер министрінің Араб және Африка істері жөніндегі орынбасары Хосейн Джабери Ансари, Ресейден РФ президентінің өкілі Александр Новак пен Түркия Сыртқы істер министрінің орынбасары Седат Оунал қатысады.

"Астана-7" келіссөздерінің мақсаты атысты тоқтату мақсатындағы бұрынғы жетістіктерді сақтап, Сирияда тұрақтылықты арттыру үшін жағдай жасау және белгілі бір саяси шешім жолына жету деп жарияланды.

Сирия істері жөніндегі келіссөздердің алтыншы кезеңі 2017 жылдың қыркүйек айында Астана қаласында өтті.

Келіссөздердің алдағы кезеңінде Идлиб, Хомс және Шығыс Ғутэ облыстарындағы қақтығыс азайған аймақтардың шекараларын бекіту мәселесі талқыланатын болады.