Қазақстан Президенті Сирия дағдарысын бейбіт жолмен шешу керектігін баса айтты
Қазақстан Президенті Астанада өткен Сириядағы бейбітшілік келіссөздеріне қатысқан делегациялармен кездесіп, Сирия дағдарысын бейбіт жолдармен, яғни келіссөздер арқылы шешіп, әскери жолдарды қолданудан аулақ болу керектігін қуаттады.
ИРНА-ның Астанадан хабарлауы бойынша, Нұрсұлтан Назарбаев сейсенбі күні Сирия келіссөздерін бақылаушы және кепілдік беруші елдердің өкілдерімен кездесуінде олардың сириялық топтарды бір-біріне жақындату талпыныстарын қолдап, Сирия дағдарысының жалғасуының аймақ пен әлемнің бейбітшілігі мен тұрақтылығы үшін зиян келтіретінін мәлімдеді.
Кездесуде Қазақстан Президенті өз елінің Астана үдерісін нәтижеге жеткізуге талпыныс жасап жатқанына тоқталып, бұл үдерістің келешегіне қатысты пікірін білдірді.
Джабери Ансари де бұл кездесуде Қазақстанның Астана үдерісінде оң рөл атқаруына алғыс айтып: "Астана үдерісі және кепілдік беруші үш елдің ынтымақтастықтары қақтығыстар азайтылған аймақтар құру және лаңкестікке қарсы күресті тұрақтандыруда табысқа жетті. Оның жетістіктерін жалғастыру Сириядағы әскери, қауіпсіздік және саяси тұрғылар мен гуманитарлық дағдарысқа көңіл аударуды қажет етеді",- деді.