Қазақстандағы Иранның елшісі: «Ортақ қадам» – Иранның сыртқы саясатындағы төзімділіктің айқын белгісі
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i34699
Қазақстандағы Иран елшісі "Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы мен Иранның оған беріктігінің Атом Қуаты Халықаралық Агенттігі тарапынан сан рет расталғанын қуаттап, оны Иранның сыртқы саясатындағы төзімділіктің айқын белгісі деп атады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Ақп 10, 2018 20:46 Asia/Almaty
  • Қазақстандағы Иранның елшісі: «Ортақ қадам» – Иранның сыртқы саясатындағы төзімділіктің айқын белгісі

Қазақстандағы Иран елшісі "Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы мен Иранның оған беріктігінің Атом Қуаты Халықаралық Агенттігі тарапынан сан рет расталғанын қуаттап, оны Иранның сыртқы саясатындағы төзімділіктің айқын белгісі деп атады.

ИРНА-ның хабарлауы бойынша, Иранның Қазақстандағы елшісі Моджтаба Демирчилу жұма күні кешке Қазақстанның Даму және инвестиция министрі орынбасарының қатысуымен өткен Иран ислам революциясының 39-шы жылдығының салтанатты мерекесінде сөйлеген сөзінде: «ИИР халықаралық қауымдастықтың маңызды әрі ықпалды мүшесі ретінде тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығын сақтап, ұлттық қауіпсіздігін кепілдендіріп, әл-ауқатын жақсартып, тұрақты дамуға қол жеткізу мақсатында әлем елдерімен өзара құрмет және тең құқық негізінде байланыстарын кеңейтуге мүдделі» деді.  

Иранның Қазақстандағы елшісі салтанатты рәсімде көтерілістің жеңісіндегі халықтың рөлі мен имам Хомейнидің жетекшілігіне сілтеме жасап, ислам революциясын ішкі деспотизм мен шетелдік үстемшілдікті қабылдамау, азаттық пен әділет және тәуелсіздікке қол жеткізу жолындағы қозғалыс деп атады.  

Демирчилу Иран мен Қазақстан арасындағы 26 жылдық дипломатияға тоқталып: «Ирандықтар мен қазақтардың байланысы тек осы 26 жылмен шектелмейді. Екі халық көп ғасырлардан бері бір-бірімен байланыста болған. Оның белгілерін екі халықтың ортақ мәдениетінен байқаймыз» деді.

Қазақстанның Даму және инвестиция министрінің орынбасары да Иранның ұлттық күнімен құттықтап, екі елдің байланыстарын достық негізіндегі дамып келе жатқан байланыстар деп атап, екі ел ынтымақтастықтарының сауда және тасымал салаларында кеңеюіне үміт білдірді.