Қазақстанның бас мүфтиі әсірешілдіктің таралуына қатысты ескерту жасады
(last modified Sat, 03 Mar 2018 08:06:38 GMT )
Нау 03, 2018 14:06 Asia/Almaty
  • Қазақстанның бас мүфтиі әсірешілдіктің таралуына қатысты ескерту жасады

Қазақстанның бас мүфтиі мұсылман елдеріне дұшпандардың ислам дінін әсірешілдікті тарату үшін пайдаланатыны жайлы ескерту жасады.

ИРНА-ның «КАЗИНФОРМ» агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Қазақстанның бас мүфтиі Серікбай қажы Ораз жұма күні Астанада өткен Еуразия мұсылман ғұламаларының форумында: "Аймақ елдерінде соңғы жылдары орын алған қақтығыстардың исламмен еш байланысы жоқ.

Бүгінде әсірешіл және бүлдіргі топтардың ислам дінін пайдаланып, жастар арасында теріс пікір таратып отырғанын анық байқауға болады. Бұл қиындықпен күресудің жалғыз жолы мұсылмандардың бірлігін сақтау саналады",- деді.

Еуразия мұсылман ғұламаларының үш күндік форумы бейсенбі күні Еуропа мен Орталық Азияның 20 елінен келген 30 діни өкілдің қатысуымен Қазақстанның елордасы Астанада өз жұмысын бастады.

Сонымен қатар, форумда мұсылмандар арасында рухани бірлікті қалыптастыру шеңберінде әрекет ету мақсатында Еуразия мұсылман ғұламаларының хатшылығын құру ұсынылды.