Қазақстан "Мәскеуден өтемақы сұрау" туралы қауесетті теріске шығарды
(last modified Sat, 03 Nov 2018 10:21:19 GMT )
Қар 03, 2018 16:21 Asia/Almaty
  • Қазақстан

Қазақстанның Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов Астананың ресейлік "Союз" ғарыш кемесі құлағаннан кейін Мәскеу үкіметінен ешқандай өтемақы төлеуді сұрамағанын мәлімдеді.

Fars ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Бейбіт Атамқұлов жұма күнгі мәлімдемесінде Қазақстан басшыларының қазанның он бірі күні ресейлік "Союз" ғарыш кемесі құлауына байланысты өтемақы алуды көздеп отырмағанын айтты.

Қазақстандағы Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшып шыққан ресейлік "Союз" ғарыш кемесі техникалық ақау салдарынан төтенше түрде қайта қонуға мәжбүр болған. Бұл оқиға ғарышкерлерді тасымалдайтын ресейлік ғарыш кемелері үшін соңғы 35 жыл ішіндегі алғашқы жайт.