Қырғызстан мен Қазақстанның шекаралық қайшылықтары тағы ушықты
Екі көршілес ел – Қырғызстан мен Қазақстан шекарасында тағы дағдарыс туындады.
Қырғызстанның 300-ден астам жүк көлігі Қырғызстан мен Қазақстан шекарасында тауар контрабандасымен күресті күшейту деген себеппен тоқтатылды.
Қазақстанның Қаржы министрлігі Салық комитетінің ресми мәлімдемесі бойынша, бұл елдің жауапты органдары тыйым салынған тауарларды анықтау және тәркілеу үшін мониторинг жұмыстарын бастаған. Бұдан бұрын ағымдағы жылдың 27 наурызында Қарасу шекаралық пунктінде Қырғызстанның 9 жүк көлігі Қытай және Түркия тауарлары контрабандасымен айналысты деген себеппен тоқтатылған болатын.
Шын мәнінде, Қазақстан басшылары тауар контрабандасымен күресу мақсатында қауіпсіздік шараларын күшейту үшін Қырғызстан мен Қазақстанның ортақ шекарасында жүздеген жүк көлігін тоқтатқан. Бұл кезде жүк көліктерін тексеруге көбірек уақыт жұмсалады. Қырғызстан мен Қазақстан шекарасындағы қауіпсіздік шараларын күшейту тағы Бішкек үкіметінің қарсылығына ұшырады.
Қазақстан үкіметі кей кездері өз шекарасында Қырғызстанның жүк көліктері мен азаматтарын тексеруді күн тәртібіне қояды. Бұған қарамастан, шекаралық тексерістердің ортаазиялық екі ел арасында дағдарыстың туындауына соқтыруы алғаш рет емес екен айту керек. Шындық мынада: шекаралық қиындықтардың жалғасуы екі көршілес елде, әсіресе Қырғызстанда экономикалық дағдарыстың туындауына себеп болады. Орта Азия мәселелерін талқылайтын кейбір саяси сарапшылар Қырғызстан мен Қазақстан шекарасында дағдарыстың пайда болуын Қазақстан үкіметінің Бішкек үкіметін экономикалық қоршауға алу үшін жасаған талпынысы деп сараптап, мұның Еуразия экономикалық одағының әлсіреуіне себеп болатынын айтты. Мысалы, қырғыз сарапшысы Хусейн Усубалиев Қырғызстан мен Қазақстан арасындағы қазіргі шекаралық қайшылықтарға тоқталып: "Қазақстанның Қырғызстанға қысым жасауы – үлкен қателік. Бұл соңында Еуразия экономикалық одағының беделінен айырылуына жеткізеді",-деді.
Бішкекте саяси-экономикалық сарапшылардың қатысуымен өткен дөңгелек үстелде Қырғызстанның бұл көрнекті сарапшысы: "Қазақстанның Қырғызстанмен арадағы шекараны жабуы Еуразия экономикалық одағының принципін әшкере бұзу және оның құрылымын беделінен айыру болып табылады",-деп мәлімдеді.
Бұдан бұрын Бішкек үкіметінің басшылары бірнеше рет Еуразия экономикалық одағының органдары мен Ресей үкіметінен осы тақырыпты қарастыруды сұраған жағдайда Қырғызстан мен Қазақстан арасындағы қайшылықтар күшейіп келеді. Ресей үкіметі бұл мәселеге қатысты үнсіздік танытып отыр.
Жалпы Қырғызстан мен Қазақстан шекарасының уақытша жабылуының жалғасуы Орта Азиядағы осы екі елдің экономикасына соққы берумен қоса, аймақ халықтары арасында теріс көзқарас қалыптастырып, аймақ елдері үкіметтеріне сенімсіздік тудырады.