Қазақстанда мерзімінен бұрын өтетін президенттік сайлауға мыңнан астам бақылаушы қатысады
Қазақстан Орталық сайлау комиссиясының мүшесі осы елде мерзімінен бұрын өтетін президенттік сайлауға мыңнан астам бақылаушы қатысатынын хабарлады.
Fars ақпарат агенттігінің сенбі күнгі хабарлауы бойынша, Зәуреш Баймолдина бақылаушыларды тіркеудің Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы тарапынан тиісті қарарға бекітілгеннен кейін басталатынын айтып: "Бұрынғы сайлаулар тәжірибесі мен биылғы сайлаудың мерзімінен бұрын өтетінін ескеріп, Нұр-Сұлтан үкіметі сайлауға 1600-1700 бақылаушы қатысады деп болжап отыр",-деді.
Қазақстанның сайлау туралы заңына сәйкес, халықаралық ұйымдар мен бақылаушылар осы елдің Сыртқы істер министрлігінің ұсынысымен осы елдегі сайлау үдерісін бақылай алады.
Қазақстанда 2019 жылдың 9 маусымында мерзімінен бұрын президенттік сайлау өтеді. Жалпы президенттік сайлау 2020 жылдың сәуір айында өтуі тиіс болған.