Қазақстанда "Діндер мен өркениеттер диалогы" орталығы құрылады
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i42043-Қазақстанда_Діндер_мен_өркениеттер_диалогы_орталығы_құрылады
Қазақстанның Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі бұл елдің тұңғыш президентінің атымен "Діндер мен өркениеттер диалогы" орталығының құрылатыны туралы хабарлады.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Maм 07, 2019 19:39 Asia/Almaty
  • Қазақстанда

Қазақстанның Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі бұл елдің тұңғыш президентінің атымен "Діндер мен өркениеттер диалогы" орталығының құрылатыны туралы хабарлады.

 

"Фарс" ақпарат агенттігі мәліметінше, "Діндер мен өркениеттер диалогы" орталығын құру шешім Нұр-Сұлтан қаласында өткен әртүрлі діндер басшыларының алтыншы съезінде қабылданды. Назарбаевтың халықаралық деңгейдегі діндер мен өркениеттер арасындағы диалогты нығайту саласындағы бастамаларын қолдау және әлемдік діндер басшылары съезінің нәтижелері туралы ақпаратты тарату бұл орталықтың негізгі мақсаттарынан болады. Осы күнге дейін Назарбаев атындағы орталықтың басшысы сайланбады. Бұл шешім үкіметтік органдар басшылары кеңесінің отырысы аясында қабылданады.