Қазақстанда кейбір ақпарат сайттары бұғатталды
Қазақстанның әлеуметтік желілерді қолданушылары бұл елде кейбір ақпарат сайттарының бұғатталғанын хабарлады.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Қазақстандағы әлеуметтік желілерді қолданушылар бұл ел халқының ақпарат сайттарын аша алмай отырғанын хабарлады.
Осы салада Шекарасыз тілшілердің халықаралық ұйымы мәлімдеме жасап, Қазақстанда интернеттің шектелуін айыптап, бұл елде басып-жаншу тәсілдерінің қолданылмауын сұрады.
Шекарасыз тілшілер интернеттің шектелу себебін Қазақстанда бейбіт наразылықтардың өтуімен байланыстырды.
Шекарасыз тілшілер халықаралық ұйымының Еуропа және Орта Азия бөлімінің басшысы Иоганн Бир бұл туралы: "Қазақстан басшыларының осындай басып-жаншу тәсілдерінен бас тартатын кезі жетті",-деді.
Бир: "Интернетті шектеу – Қазақстанды баспасөз бостандығы тұрғысынан әлемдегі 180 елдің арасында 158 орынға қойып отырған себептердің бірі",-деді.