Қазақстандағы сайлауды Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының 22 өкілі бақылайды
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i42109-Қазақстандағы_сайлауды_Еуропадағы_қауіпсіздік_және_ынтымақтастық_ұйымының_22_өкілі_бақылайды
Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының демократия және адам құқығы органдары бақылаушыларының бұл елдегі президенттік сайлауға қатысу үшін тіркелгендері туралы хабарлады.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Maм 14, 2019 15:20 Asia/Almaty
  • Қазақстандағы сайлауды Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының 22 өкілі бақылайды

Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының демократия және адам құқығы органдары бақылаушыларының бұл елдегі президенттік сайлауға қатысу үшін тіркелгендері туралы хабарлады.

«Фарс» ақпарат агенттігінің мәліметінше, Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Зәуреш Баймолдина дүйсенбі күні: «ҚР Сыртқы істер министрлігінің ұсынысымен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының 22 өкілі президенттік сайлауды бақылауға тіркелді. Шетелдік және халықаралық ұйымдар бақылаушыларының тіркеуі 3 маусымға дейін жалғасады. Осы кезге дейін Қазақстанның  кезектен тыс президенттік сайлауына бақылау жүргізуге 67 шетелдік тіркелді »,- деп жариялады.