Қазақстандағы сайлауды Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының 22 өкілі бақылайды
Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының демократия және адам құқығы органдары бақылаушыларының бұл елдегі президенттік сайлауға қатысу үшін тіркелгендері туралы хабарлады.
«Фарс» ақпарат агенттігінің мәліметінше, Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Зәуреш Баймолдина дүйсенбі күні: «ҚР Сыртқы істер министрлігінің ұсынысымен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының 22 өкілі президенттік сайлауды бақылауға тіркелді. Шетелдік және халықаралық ұйымдар бақылаушыларының тіркеуі 3 маусымға дейін жалғасады. Осы кезге дейін Қазақстанның кезектен тыс президенттік сайлауына бақылау жүргізуге 67 шетелдік тіркелді »,- деп жариялады.