Иран мен Қазақстан арасында қаржы әріптестігі туралы меморандумға қол қойды
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i42159-Иран_мен_Қазақстан_арасында_қаржы_әріптестігі_туралы_меморандумға_қол_қойды
Иранның Есеп комитетінің басшысы мен Қазақстанның есептеу және бюджетті орындауды бақылау комитетінің басшысы ынтымақтастық меморандумына қол қойды.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Maм 18, 2019 17:12 Asia/Almaty
  • Иран мен Қазақстан арасында қаржы әріптестігі туралы меморандумға қол қойды

Иранның Есеп комитетінің басшысы мен Қазақстанның есептеу және бюджетті орындауды бақылау комитетінің басшысы ынтымақтастық меморандумына қол қойды.

IRNA ақпарат агенттігінің сенбі күні хабарлауы бойынша, Қазақстан астанасы Нұр-Сұлтан қаласында Адель Азар мен Наталья Годунованың кездесуінде қос тарап әріптестікті дамыту және тәжірибемен алмасу жолдарын талқылап, мемлекеттік есептеу саласында ынтымақтастық меморандумына қол қойды.

Ақпарат алмасуға заңды ая қалыптастыру, мемлекеттік есептеу кеңестерін орындау үшін ақпарат беру жүйесін құру, екіжақты әріптестікті кеңейту және халықаралық ұйым аясында әріптестік жасау екі елдің аталмыш комитеттері арасында қол қойылған ынтымақтастық меморандумы баптарының қатарына жатады.  

12-ші Астана экономикалық форумы «Ынталандырушы өсу: адамдар, қалалар, экономикалар» тақырыбында Қазақстан мен 74 ел жоғары лауазымды тұлғалары, сондай-ақ, халықаралық және аймақтық  ұйымдар өкілдерінің қатысуымен 16-17 мамырда Нұр-Сұлтан қаласында өтті.