Қазақстанда Еуразия экономикалық кеңесінің отырысы өтеді
Еуразия экономикалық кеңесінің кезекті отырысы 29 мамырда Қазақстанда өтеді.
«Фарс» ақпарат агенттігінің мәліметінше, 29 мамырдағы Жоғары Еуразия экономикалық кеңесінің кезекті отырысы Еуразиялық интеграция идеясының 25 жылдығы және Еуразиялық экономикалық одағын құру туралы келісімге қол қойылуының 5 жылдығында Нұр-Сұлтанда өтеді. Қазақстанның уақытша Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен өтетін бұл отырысқа бұл елдің Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Молдова және Тәжікстан мемлекеттерінің президенттері мен Армения Премьер-министр қатысады. Бұл отырыста ұйым басшылары Еуразия экономикалық одағының маңызды мәселелері мен даму келешегі, олардың ішінде цифрлік күн тәртібін іске қосу және бұл Одақтың халықаралық белсенділігінің бағыттары, сондай-ақ 2019-2020 жылдарға арналған макроэкономикалық саясаттың негізгі бағыттарын талқыламақ.