Иран мен Қазақстан ғылыми зерттеу саласында әріптестікті дамыту қажеттігін қуаттады
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i42366-Иран_мен_Қазақстан_ғылыми_зерттеу_саласында_әріптестікті_дамыту_қажеттігін_қуаттады
ИИР-ның Қазақстандағы елшісі осы елдің Білім мен ғылым министрімен кездесіп, екі елдің ғылыми зерттеу және университет салаларында әріптестіктерін дамыту туралы сұхбаттасты.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Маусым 08, 2019 14:21 Asia/Almaty
  • Иран мен Қазақстан ғылыми зерттеу саласында әріптестікті дамыту қажеттігін қуаттады

ИИР-ның Қазақстандағы елшісі осы елдің Білім мен ғылым министрімен кездесіп, екі елдің ғылыми зерттеу және университет салаларында әріптестіктерін дамыту туралы сұхбаттасты.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, ИИР-ның Қазақстандағы елшісі Маджид Сабер кеше, жұма күні Қазақстанның Білім мен ғылым министрі Күләш Шамшиденовамен кездесіп, екі ел арасында ежелден келе жатқан жан-жақты қарым-қатынасқа тоқталып: "Екі елдің әртүрлі салалардағы әріптестігі өте жақсы дамып келеді",-деді.

Сабер, сондай-ақ, Иранның ғылыми зерттеу саласындағы құнды тәжірибесі мен ирандық оқушылар, студенттер мен ұстаздар санының көптігіне тоқталып, ұстаз және студенттермен алмасуды университетаралық әріптестікті дамытудағы маңызды тақырыптардың бірі деп атады.

Қазақстанның Білім мен ғылым министрі Шамшиденова екі ел арасында ғылым мен университет салаларында ынтымақтастықтың дамып жатқанына қуаныш білдіріп: "Екі көршілес елдің ғылым мен университет саласындағы әріптестік деңгейі жоғарылауы тиіс",-деді.