Қазақстанда сайлау нәтижесіне байланысты наразылықтардың шиеленістері артты
Қазақстанның үкіметке қарсы белсенділері бұл елдің халқын 9 маусымдағы президенттік сайлау нәтижелеріне кең ауқымды наразылық білдіруге шақырды.
Қазақстанның үкіметке қарсы белсенділері жаңадан сайланған президентті ұлықтау рәсімі күні шеруге шақырған кезде, бұл елдің полициясы олардың басып-жаншуы туралы ескерту жасады. Қазақстанның Ішкі істер министрлігі полицияның президенттік сайлаудың нәтижесіне наразылық білдірген 200 адамды қамауға алғаны туралы хабарлады. Ақпарат көздер болса бұл елдің үкімет басшыларының сөздеріне сүйеніп, қамауға 500 адамның алынғаны туралы хабарды таратты. Қазақстанның бұл жолғы алтыншы президенттік сайлауы басқа президенттік сайлаудан өзгеше өтті. Негізінде бұл жолғы сайлау 1991 жылы Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейінгі Нұрсұлтан Назарбаев үміткер ретінде қатыспаған бірінші сайлау болды. Сондай-ақ Әміржан Косанов сынды оппозициялық үміткердің сайлауға қатысу оның ерекшілектерінің бірі болды. Журналистика факультетін оқып бітірген және бұдан бұрын Жалпыұлттық социал демократиялық партия (ЖСДП) Төрағасының орынбасары болған Әміржан Қосанов саяси және қоғамдық белсенді ретінде 9 маусымда кезектен тыс президенттік сайлауға қатысып, Тоқаевтан кейін екінші орынға иеленді. Сайлаушылардың 15,39 пайыз дауысына иеленген "Ұлт тағдыры" партиясынан ұсынылған Әміржан Қосановты қолдаған қазақстандық наразылар елдің ірі қалаларында үкіметке қарсы ұранданды. Әміржан Қосанов кезектен тыс өткен президенттік сайлаудың нәтижесіне байланысты: "Оппозицияның сайлауда екінші орынға иеленгені шыңдық. Бұл үлкен жетістік. Егер Қазақстанның оппозициялық партиялары коалициясы тарапынан үміткер болғанда, көбірек дауысқа ие болатын еді",- деді. Әміржан Қосанов 66 жастағы үміткер Қасым-Жомарт Тоқаевты құттықтағанымен, Қосановты қолдаған қарсыластардың үкіметке қарсы наразылықтары жалғасуда. Тоқаев сайлаудан бұрын, сондай-ақ жеңіске жеткен соң Қазақстанның бұрынғы Президентінің саясатын жалғастыратынын қуаттады.
Қорыта айтқанда, қарсыластардың наразылықтарды жалғастыруына көңіл бөліп, наразылардың Қазақстанның сыртынан және кейбір бөгде үкіметтер, әсіресе АҚШ-тың қаржы қолдаулары және ұйымдастыруларына ие деген ой туады. Өйткені қарсыластардың ұрандары Қазақстан үкіметін нысанаға алып, бұл елдің мәдени әдет-ғұрыптарын өзгертуді көздейті.