Қазақстанның жаңа президенті үкіметтің басты басымдықтарын жариялады
Маусым 13, 2019 20:29 Asia/Almaty
Қазақстанның жаңа президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бесжылдық президенттік кезең барысындағы өзінің басты басымдықтарын жариялады.
«Тасним» ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Қасым-Жомарт Тоқаев тұрғын үй салуды дамыту, табысты арттыру, жаңа жұмыс орындарын ашу және әділ әлеуметтік саясаттар жүргізуді өзінің президенттік кезеңі барысындағы басты басымдықтар деп атады.
Қазақстанның жаңа президенті, сондай‑ақ, жемқорлықпен күресу, сот жүйесіне өзгеріс енгізу және заңды орындауды өзінің басты бағдары екенін айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев кеше, сәрсенбі күні Қазақстанның жаңа президенті ретінде ант берді.
Тегтер