Қазақстанда 2019 жылдың бірінші жартысында 39 тонна алтын өндірілді
Маусым 20, 2019 19:00 Asia/Almaty
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Қазақстанның Статистика комитеті биылғы жылдың бірінші жартысында елде 39,6 тонна алтын өндірілгенін хабарлады.
Осы мәлімет бойынша, алтын өндіру өткен жылдың осындай мерзімімен салыстырғанда 7,8 пайызға өсті. Мұнымен қоса, күміс өндіру 400 тоннаға жетті. Бұл көрсеткіш 2018 жылғы статистикамен салыстырғанда 2,5 пайызға өсті. Сондай-ақ, алюминий 676 тоннаға жетіп, 8 пайыздық өсімді көрсетті.
Сонымен қатар, Қазақстанның Статистика комитеті елде 56 тонна қорғасын, 136 тонна мырыш пен 188 тонна мыс өндірілді деп хабарлады.
Тегтер