Қазақстан 2020 жылы Ядролық материалдарды экспорттаушылар тобының басшысы болады
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i42505-Қазақстан_2020_жылы_Ядролық_материалдарды_экспорттаушылар_тобының_басшысы_болады
Ядролық материалдарды экспорттаушылар тобының басшылығы 2020 жылы Қазақстанға тапсырылады.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Маусым 22, 2019 17:56 Asia/Almaty
  • Қазақстан 2020 жылы Ядролық материалдарды экспорттаушылар тобының басшысы болады

Ядролық материалдарды экспорттаушылар тобының басшылығы 2020 жылы Қазақстанға тапсырылады.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Қайрат Сарыбай Қазақстан СІМ-нің Ядролық материалдарды экспорттаушылар тобындағы өкілі ретінде таңдалды.  

Бұл өзгеріс Аустрияның Вена қаласында осы топ мүшелерінің отырысы аясында орын алды.  

Бұл отырыста Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жолдауы оқылды. Онда Нұр-Сұлтан үкіметінің ядролық қаруларды таратуға тыйым салу және Ядролық материалдарды экспорттаушылар тобының маңыздылығы туралы ұстанымдарына берік екені айтылған.

Ядролық материалдарды экспорттаушылар тобын басқару 2020 жылдың маусым айында Қазақстанға тапсырылады.

Ядролық материалдарды экспорттаушылар тобы – әлемнің 48 елінен тұратын халықаралық институт. Ол бейбіт мақсаттағы ядролық өнеркәсіпті дамытуға талпыныс жасап жатыр.  

Бұл топтың мақсаты ядролық заттарды өндіруді бақылауға алу арқылы ядролық қаруларды таратудың алдын алу және құрал-жабдықтар мен технологияларды дамыту болып табылады.