Қазақстандағы жарылыс
(last modified Tue, 25 Jun 2019 06:21:21 GMT )
Маусым 25, 2019 12:21 Asia/Almaty
  • Қазақстандағы жарылыс

Қазақстанның оңтүстігіндегі оқ-дәрі қоймасы жарылысының салдарынан кемінде 50 адам жарақат алды. Жергілікті басшылардың айтуынша, жарақат алған адамдарға жедел жәрдем қызмет көрсетілу жалғасуда.

«Фарс» ақпарат агенттігінің мәліметінше, ақпарат құралдар дүйсенбіде Қазақстанның оңтүстігіндегі Арыс қаласындағы оқ-дәрі қоймасындағы жойқын жарылыс туралы хабарлады. «Дейли сабах» газетінің жазуынша, Қазақстан  Денсаулық министрлігі кемінде 50 адамның, олардың ішінде 5 баланың жарақат алғандары туралы жариялады. Жарылыс орын алсымен бұл аймақтың шамамен 40000 тұрғыны шұғыл көшірілді. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Денсаулық министрі, Ішкі істер министрі мен Түркістан аймағы басшыларына бұл салада қажет жедел жәрдем көрсетуді бұйырды.

Осы кезге дейін бір мың полиция мен армия күштері бұл аймаққа атанып, қала тұрғындары 50 км қашықтыққа көшірілді. Бұл жарылыс сондай күшті болып, Қазақстаннның жерсілкіністі анықтайтын құралдарымен тіркелді.