Қазақстан үкіметі халық наразылықтарын азайтуға талпынуда
Қазақстан Президенті елдегі қоғамдық наразылықтарды азайту үшін үкіметке тұрмысы төмен отбасылардың миллиондаған несие қарыздарын өтеуді бұйырды.
Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметінше, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев: «Үкіметтің көмегімен елдің шамамен 255000 азаматының қарыздары өтеледі»,- деді. Бұл шешім қоғамдық наразылықтарды азайту және наразылық шерулердің алдын алу үшін қабылданды. Маусымның басында Қасым-Жомарт Тоқаевтың жеңіске жеткен Қазақстаннның президенттік сайлауы қарсыластардың шеруімен бетпе-бет келді. Наразылықтар кезінде 4000 астам адам қамауға алынды және олардың шамамен бір мыңы сотпен айыпталды. Қазақстанның бұрынғы Президенті Нұрсұлтан Назарбаев шамамен 30 жыл билік басында болып, наурыз айында өз міндетінен отставкаға кетті. Бір адамның билік басында ұзақ уақыт қалуы - Орта Азия елдерінің ең маңызды қиындықтарының бірі. Орта Азия елдерінің көбінде тәуелсіздік алғандарынан бері бір президенттің билігінің куәсі болды. Өткен жылдарда бұл тәсіл өзгеріп, енді осы күні Қазақстан сынды кейбір мемлекеттерде билік басына жаңа адамдар келуде. Бірнеше онжылдықтан кейін билік ауысқан кезде, жаңадан келген адам қарсыластардың артуымен бетпе-бет келеді. Өйткені өткен онжылдықтардағы сұраныстарға тұрақты бюрократиялық үдерістер жауап бермеген. Қазақстанның саяси өмірі 30 жыл бойы Назарбаевтың басшылығына байланысты болды. Кенселер өткен 30 жылда оның әдістері қайталады. Саясаткерлер Қазақстанның ірі саясаттарын оның талаптарына сай белгіледі.
30 жыл бойы Назарбаевтың басқаруымен өмір сүрген Қазақстан халқы үшін қазіргі жағдайдың белгісіз болуы және біраз уақыт бойы наразы болғандар үшін саяси, экономикалық және қоғамдық сұраныстарын баяндау табиғи жәйт болып табылады. Сондықтан осы кезде Қасым-Жомарт Тоқаев бір жақтан саяси және атқару органдардың жалқаулық дағдарыстарымен бетпе-бет келіп, бұрынғы саясаттарды өзгертіп, жаңа саясаттарды ұсынуы және басқа жақтан 30 жыл бойы өзгерістерді және тұрмысын жақсартуды күткен халық ағымдарын бақылауға алуы керек.