Арыс қаласының тұрғындары үйлеріне оралуда
Маусым 30, 2019 16:25 Asia/Almaty
Арыс қаласында бір әскери қоймадағы жарылыстан кейін үйлерін тастап кетуге мәжбүр болған тұрғындары енді үйлеріне оралып жатыр.
Fars News агенттігінің хабарлауы бойынша, Қазакстанның Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметіне сәйкес, Шымкент пен Түркістандағы уакытша қосындарда ешкім қалмған.
Жарылыс болған қаланың электр мен су тасымалдайтын инфрақұрылымдарына айтарлықтай нұқсан келген жоқ. Бірақ тұрғын аймақтардағы өрттің 68 жайты тіркелгенімен, Арыс тұрғындарына тиген зиянның мөлшері жарияланған жоқ.
Арыс қаласына жақын жердегі қару-жарақ сақтайтын қоймалар маусымның 24 күні жарылды. Салдарынан 3 адам көз жұмып, 160 адам жараланды.
Тегтер